Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Гауһар тас бұйымдар мен бренд заттар": Қайрат Нұртастың анасы қымбат гардеробын көрсетті (видео)

Жарияланған күні:

Гүлзира Айдарбекова гардеробын көрсетті
Гүлзира Айдарбекова гардеробын көрсетті. Видеодан кадр: Youtube/Айнұр Асанберді

Отандық танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова Алматыдағы үйіне шолу жасап, көпшілікке өзінің қымбат гардеробын көрсетті. Қайрат Нұртастың анасы бренд киімдер мен гауһар тас бұйымдарды жақсы көретінін жасырмады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Гүлзира Айдарбекова "Әсембике" бағдарламасында үйін көрсетіп, қымбат заттарды неге көп алатынын айтты.

"Иіссуларды өте қатты жақсы көремін. Массаж құралдарын да жинағанды ұнатамын. Бір бөлмеде 3-4 массаж жасайтын құралды көресіз. Астанадағы үйде де бар. Қайраттың бөлмесінде де бірнешеуі тұр. Гардеробым қатты үлкен емес. Екі қаладағы үйімізде де гардеробым бар. Орын алып тұрғандардың дені – сахналық киімдерім. Отандық дизайнердің қолынан шыққандар. Қыз ұзатамын, келін кіргізіп, тұсау кескенде осы көйлектерімді киіп шығамын. Италиялық бренд киім де көп.

Көріп тұрсаңыз аяқ киім де көп. 5-7 см ғана биік өкше киемін. Жемпір кигенді жақсы көремін. Бір киімді қатты ұнатсам, тастамай киіп жүремін. Мен киімнен гөрі гауһар тас жиынтықтарға қызығамын, көптеп алып қоямын. Өзім сыйлыққа алғанды жақсы көремін. Сыйлағанды да жақсы көремін. Үйге келген құрметті қонақтарыма сөмкеден гөрі осындай гауһар тас жиынтықтарын сыйлаймын. Сосын иіссуларға қызығамын. Ашылмаған күйі қаншама әтірлерім тұр. Олардың көбісін келген қонақтарыма сыйға беріп жіберемін",, – деді продюсер. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2141700-gauhar-tas-buiymdar-men-brend-zattar-qairat-nurtastyng-anasy-qymbat-garderobyn-korsetti-video/