Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Лайық емес екенімді мойындаймын": "Құрмет" орденін алған белгілі мобилограф мәлімдеме жасады (видео)

Жарияланған күні:

Қыран Талапбек Парижде
Қыран Талапбек. Фото: instagram/kyran_talapbek

Жақында ғана танымал мобилограф Қыран Талапбек "Құрмет" орденін алған еді. Блогер бұл марапатты "ең лайық адамына" табыстап, орден орнын тапқанын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Әуелі Алла, одан кейін мені қолдаған әр жанға алғысым шексіз. Еңбегімізді бағалаған президентке және мүмкіндік берген әр адамға алғысым шексіз. Атын айтпасам да біледі.

Бірден айтамын, бұл орденге лайық емес екенімді мойындаймын. Бұл – менің емес, өз еңбегімен адал жұмыс істеп, адал нанын тауып журген 30 мың жас мобилограф маманның ордені", - деп жазды Қыран талапбек.

Мобилограф "бұл орден өз арманына ұмтылғысы келетін жастардың ордені екенін" айтқан.

"Құттықтап, қолдаған әр жанға рақмет! "Лайық емес" деп наразы болғандарды да түсінемін. Артық алып бара жатқан ештеңеміз жоқ. Сондықтан “орден” өз орнын тапты. Мен үшін ең лайықты кісі. Әкеме бердім", - деп жазды ол.

Айта кетейік, 12 шілдеді танымал мобилограф Қыран Талапбек "Құрмет" орденінің иегері атанғанын жазған едік.

Сонымен қатар Қыран Талапбек Астанада өткен ШЫҰ саммитіне келген мемлекет басшыларын видеоға түсіріп, оны Instagram-дағы парақшасында жариялады.

Басқа президенттер мобилографтың бейнежазбасын қабылдамаса да, Моңғолия басшысы аталмыш коллаборацияны бірге жариялауға келісімін берген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2142106-laiyq-emes-ekenimdi-moiyndaimyn-qurmet-ordenin-algan-belgili-mobilograf-malimdeme-zhasady-video/