Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өзім дайындадым": Серік Ибрагимов Елдос Сметовпен қалай күрескенін көрсетті (видео)

Жарияланған күні:

Елдос Сметов пен Серік Ибрагимов
Елдос Сметов пен Серік Ибрагимов. Видеодан кадр: Youtube/Той думан

Қазақстандық танымал әнші Серік Ибрагимов Олимпиада чемпионы атанған дзюдошы Елдос Сметовпен түскен видеосын жариялап, көпшілікке онымен қалай күрескенін көрсетті. Өнер иесі спортшыны жарысқа өзі дайындағанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Серік Ибрагимов ел қоржынына алтын медаль түсірген Елдос Сметовпен күресіп жатқан видеосын Instagram-дағы парақшасында жариялаған.

Өнер иесі Олимпиада чемпионы атанған спортшыны тарихи жеңісімен құттықтап, оған қолдау білдірді. Оған қоса әнші бұл спорттық додаға дзюдошыны өзі дайындағанын айтып, елді күлдірді.

"Олимпиада чемпионы, алтын жүлдегері, қазақтың батыры! Құтты болғай! Бәріне дәлелдедің! Үлкен жүрек иегері. Өзім дайындадым. Видеоның соңын көріңіздер. 5-6 жыл бұрынғы видео. Ол кезде мен формада емес кезім", - деп жазды Ибрагимов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2142292-ozim-daiyndadym-serik-ibragimov-eldos-smetovpen-kureskenin-satin-korsetti-video/