"Таңғалмадым": Меруерт Түсіпбаева "Қазақфильмдегі" мәселеге пікір білдірді
Жарияланған күні:
Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Меруерт Түсіпбаева желіде "Қазақфильм" киностудиясындағы мәселеге пікір білдіріп, елді ойландырып қойды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.
Меруерт Түсіпбаева "Қазақфильмдегі" жағдай туралы ойын Instagram-дағы парақшасында айтқан.
"Бір хабар естідім. "Қазақфильм". Таңғалмадым", - деп қысқаша жазған әнші.
Алайда өнер иесі нені меңзеп жазғанын ашып айтпады. Желі қолданушылары бұл сөздерінен кейін Түсіпбаеваны сұрақтың астына алды. Оқырмандар одан қандай хабар естігенін біле алмай әлек болды.
Айта кетейік, бұған дейін "Қазақфильм" АО президенті Азамат Сатыбалды киностудиядағы даулы мәселеге қатысты пікір білдірген болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2142303-tanggalmadym-meruert-tusipbaeva-qazaqfilmdegi-maselege-pikir-bildirdi/