Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бұл күнді көру бұйырмады": Сара Тоқтамысова марқұм әпкесінің қызын ұзатты (видео)

Жарияланған күні:

Сара Тоқтамысова
Сара Тоқтамысова. Видеодан кадр: instagram.com/ sarkanai

Танымал айтыскер ақын Сара Тоқтамысова осыдан төрт жыл бұрын дүниеден озған әпкесінің қызын ұзатты. Бұл туралы өнер иесі Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

Айтыскер ақын ұзату тойда көңілі босап, өзін ұстауға тырысқанын айтты. Ол желі оқырмандарына тойдың видеосын көрсетіп, олардың ақ тілегіне алғыс айтты.

"Менімен бірге көңілі босап жатқан жандар үшін осы видеоны салдым. Осыдан 4 жыл бұрын өмірден өткен Сәуле деген әпкемнің қызы. Артында бір ұл, бір қыз қалды. Еркем, Еркежаным деп қатты еркелетіп өсірген қызы да өз ұясынан қанат қақты. Өзімізді ұстауға тырыстық. Қу жүрек елегізіп, көңіліміз алай-дүлей болды.

Әсіресе, біз жаққа қатты білінді. Әпкемнің орыны ойсырап-ақ тұрды. Не десе де, Алланың жазуы. Шектен шықпадық. Ішімізден дұға жасап6 қызымыздың бағын тілеп тұрдық. Ержан жездемнің бір жағынан шығуға тырыстық.

Әпкемнің қызының сәукелесін өзім кигіземін деп кім ойлаған... Біздің қызды да өзің ұзатасың деп жүруші еді.. Сол күнге жеттік.. Бірақ әпкеме бұл күнді көру бұйырмады. Аллам қызының бағын бес елі қылсын. Ұлы Әлинұр биіктен көрінетін тұлғалы азамат болсын. Ержан жездеме Аллам ұзақ ғұмыр берсін", - деді Сара Тоқтамысова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2142525-bul-kundi-koru-buiyrmady-sara-toqtamysova-marqum-apkesining-qyzyn-uzatty-video/