Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астана сотында Нұртас Адамбайға қатысты іс қаралады

Жарияланған күні:

Нұртас Адамбай
Фото: Instagram/nurtasadambay

Астанада мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында актер әрі продюсер Нұртас Адамбайға қатысты іс қаралып жатыр. Бұл туралы Kazinform хабарлады.

Агенттік ақпаратынша, Нұртас Адамбайға Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнаманы бұзды деген айып тағылған. Атап айтқанда діни ғимараттарды салу, ғимараттарды діни мақсатта қайта тағайындау, функционалдық мақсатын өзгерту бойынша Қазақстан заңнамасындағы талаптарды бұзуға қатысты.

Мұндай бұзушылықтар үшін жеке тұлғалар үшін 50 АЕК (185 мың теңге), заңды тұлғалар үшін 200 АЕК (738 мың теңге) мөлшерінде айыппұл қарастырылған. 

Істі тыңдау 1 тамызда WhatsApp мессенджері арқылы мобильді бейнеконференция арқылы өтеді деп жоспарланған.

Еске салсақ, бұған дейін Нұртас Адамбай желіде бірнеше жазба жариялап, елді таңғалдырған еді. Нұртас Адамбай Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан, еліміздің бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтан, Ресей президенті Владимир Путиннен, Белорусь президенті Александр Лукашенкодан, мәжіліс депутаты Ринат Зайытовтан кешірім сұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2142874-astana-sotynda-nurtas-adambaiga-qatysty-is-qaralady/