Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бақыттымыз": түрік актрисасы Неслихан Атагүл аяғы ауыр екенін хабарлады (фото)

Жарияланған күні:

Неслихан Атагүл
Неслихан Атагүл. Фото: Instagram/neslihanatagul

Әйгілі түрік актрисасы Неслихан Атагүл жақында ана атанбақ. Kara Sevda сериалының жұлдызы әлеуметтік желіде аяғы ауыр екенін хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Неслихан Атагүл қуанышты жаңалығын Instagram-дағы парақшасында бөлісті. Көпшілікке Ниханның рөлімен танылған актриса ішін ұстап тұрған суретін жариялап, оқырмандарына сүйінші хабарды жеткізген.

"Бұл бақытымызды ұзақ уақыт құпия ұстағымыз келген. Біраұ бұл біздің таңдауымыз болды. Қысқасы, біз бақыттымыз, жақсымыз және қанағат етеміз", - деп жазды өнер иесі.

Желі қолданушылары Неслихан Атагүл мен оның күйеуі, белгілі түрік актері Қадыр Доғыұлын жарыса құттықтап, ақ тілектерін жаудырды.

Айта кетейік, жұлдызды жұп 2016 жылы отау құрған. Бұл ерлі-зайыптының тұңғыш баласы болмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2143030-baqyttymyz-turik-aktrisasy-neslihan-atagul-aiagy-auyr-ekenin-habarlady-foto/