Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жыл сайын 150 рет жер сілкінеді": Токиода жүрген Ләйлә Сұлтанқызы қызықты деректер айтты

Жарияланған күні:

Ләйлә Сұлтанқызы
Ләйлә Сұлтанқызы. Фото: Instagram/sultankyzy

Отандық тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы Токио қаласына қатысты қызықты деректер айтты. Жапонияда ұлымен бірге саяхаттап жүрген ол әсерін Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

Ләйлә Сұлтанқызы Токиода маусым мен шілде нағыз жаңбырлы маусым екенін жеткізді.

"Әлемдегі ең көп қоныстанған қала, 13 млн-нан астам тұрғыны бар. "Хатико" фильміндегі ит осындағы Сибуя станциясында иесін күткен. Дүниедегі ең қымбат мейрамханалардың бірі "Арагава" осында орналасқан. Жыл сайын мұнда шамамен 150 рет жер сілкінеді екен", - деді ол.

Айта кетейік, осыған дейін Ләйлә Сұлтанқызы дзюдошы Елдос Сметовті Париж Олимпиадасындағы жеңісімен құттықтаған еді.

"Қазақстан дзюдо федерациясының PR менеджері Айгерім Тоқсанбектің "Осыдан кейін "Елдосты шал болды, жастарға орын беру керек, кетсін" дегендер жеке-жеке кешірім сұрау керек деп ойлаймын!" деген жазбасын оқып, Елдос осы жолы Олимпиадаға қандай ішкі "күреспен" барғанын түсінуге болар.

"Бұйырған кетпейді" демекші, Елдосқа біреудің кешірім сұрағаны маңызды емес екені жүзінен-ақ көрініп тұр. Артында ұлына сенген отбасы мен елі тұр. Биіксің! Мықты екеніңді дәлелдедің, Елдос! Құттықтаймын! Жүлдеміз, жеңісті күндеріміз көп болғай", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2143042-zhyl-saiyn-150-ret-zher-silkinedi-tokioda-zhurgen-laila-sultanqyzy-qyzyqty-derekter-aitty/