Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Bollywood-қа кеттім": Жігер Ауыпбаевтың жаңа бейнебаяны жұрттың ішек-сілесін қатырды (видео)

Жарияланған күні:

Жігер Ауыпбаев
Жігер Ауыпбаев. Видеодан кадр: instagram.com/ jiger_auypbaev_official

Отандық эстрада жұлдызы Жігер Ауыпбаевтың жаңа бейнебаяны жарыққа шықты. Өнер иесі тың туындысының үзіндісін Instagram желісіндегі парқшасында жариялады.

Видеодан әншінің үнді фильміне ұқсас бейнебаян таспалағанын аңғаруға болады. Соңында үнді киіміндегі әнші қарумен атыса бастайды.

"Bollywood-қа кеттім", - деп жазды эстрада жұлдызының өзі.

Ал мұны көрген көпшілік Жігер Ауыпбаевтың жан-жақтылығына тәнті болды.

"Үнді сериалынан қай жері кем?", "Керемет", "Гита қайда?", "Өнерің өрге жүзсін", "Jigawood бар", "Ауызбен де атып қалдыңыз ғой", "Жарайсың, позитив", "Кино ғой кино", "Мұндай бейбенаян түсіру сіздің қолыңыздан ғана келеді", - деп жазды жұрт.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2143129-bollywood-qa-kettim-zhiger-auypbaevtyng-zhanga-beinebaiany-zhurttyng-ishek-silesin-qatyrdy-video/