Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Шыны керек, білмедім": Нұртас Адамбай өзінің үстінен қозғалған іске пікір білдірді

Жарияланған күні:

Нұртас Адамбай
Нұртас Адамбай. Фото: instagram.com/ nurtasadambay

Бүгін Астанада режиссер әрі актер Нұртас Адамбайдың ісі бойынша сот процесі кейінге қалдырылды. Ал әзілкештің өзі аталған жайтқа қатысты өз нұсқасын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Нұртас Адамбай пікірін Instagram желісіндегі парақшасында білдірді.

"Астана қаласының дін істері басқармасы мені Instagram желісіндегі парақшамда Құран Кәрімнің аудармасындағы сөзді жазғаным үшін сотқа берді. Құран аудармасынан дәйексөз келтіруге болмайтынын білген жоқпын", - деді ол.

Айта кетейік, сот кеңсесінің мәліметінше, Нұртас Адамбайға қатысты ӘҚБтК-нің 490-бабы 1-бөлігінің 4-тармағы бойынша Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнаманы бұзды деген айып тағылған.

Атап айтқанда, іс Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында діни ғимараттарды салу, ғимараттарды діни мақсатта қайта тағайындау, функционалдық мақсатын өзгерту бойынша Қазақстан заңнамасындағы талаптарды бұзуға байланысты қаралып жатыр.

Бұған дейін сот тыңдауы 1 тамызда WhatsApp мессенджері арқылы мобильді бейнеконференция арқылы өтеді деп жоспарланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2143147-shyny-kerek-bilmedim-nurtas-adambai-ozine-qatysty-qozgalgan-iske-pikir-bildirdi/