Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Еркектерді жерге тығудың қажеті жоқ": Айгүл Елшібаева отбасы мәселесін қозғады

Жарияланған күні:

Айгүл Елшібаева шоу-бизнестегі жұлдыздар туралы айтты
Айгүл Елшібаева. Фото: qazaqconcert.kz

Танымал айтыскер ақын Айгүл Елшібаева отбасы мәселесін көтеріп, ажырасып жатқан ерлі-зайыптыларға үндеу жасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.

Айгүл Елшібаева отбасыдағы кикілжің неден туындайтынын түсіндіріп, жас жанұяларға келелі кеңесін айтты.

"Тоқсан түрлі тағдыр бар өмірде, біреудің тағдырына бола, барлық еркек атаулыдан бездіру насихатын жүргізіп, еркек атаулыны жерге тығудың қажеті жоқ. Алла тағала әр жаратылысты жұп қылып жаратқасын, еркекке әйелді жұп қылып жаратты. Ал, қызтеке мен лезбиянкаң нәпсінің жетегіне кетіп, өз жаратылысынан безген науқас адамдар. Оларды қорғап қолдау, есі дұрыс адамның іс-әрекеті емес.

Отбасындағы дүрбелең "екі елі ауызға төрт елі қақпақ болмағаннан, екі еліңе ие болмағаннан шығады" деп үлкендер айтқандай, даудың басы осы екі нәрседен шығып тұр. Тақуалықтың өзі нәпсімен күрес болса, нәпсінің құмарлығына салынған адамның отбасының берекесі болмайды. Нәпсіқұмарлықтан отбасы бұзылады. Иманды адам да осы екі нәрсесіне ие болғанда бәледен құтылады", - деп жазды айтыскер Instagram-дағы парақшасында.

Сонымен қатар өнер иесі адамға тәрибесі мен өскен ортасы елеулі әсер ететінін алға тартты.

"Тәрбие мен өскен ортаң нашар болса, болашаққа балта шабылу, адасу да осы жерден ,басталады. Басыңда ақылың болмаса, тәрбиесі жақсы адаммен дос бол, жақсы ортаны таңда. Адамның өсу мен өшуі де ортасына байланысты. "Қартайғанда қасыңда қарайып жүре берсін, неғыласың, үйіңе кіріп-шығып жүретін біреу болсын" деп үлкендердің сөзін тыңдап, жеккөрініш сезімін тиып тастаған ерлі-зайыптыларда ажырасулар болмайды. Қартайғанда жалғызсырамай, қосағымен қоса ағарады", - деді ақын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2143269-erkekterdi-zherge-tygudyng-qazheti-zhoq-aigul-elshibaeva-otbasy-maselesin-qozgady/