Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түріктер Ерке Есмаханға ерекше тосынсый жасады (фото)

Жарияланған күні:

Ерке Есмахан
Ерке Есмахан. Фото: instagram.com/erke_esmahan

Бүгінде отбасымен Түркияда демалып жатқан Ерке Есмаханға қонақ үй қызметкерлері ерекше тосынсый жасаған. Өнер иесі мұндай сыйды мүлдем күтпегенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ерке Есмахан Instagram-дағы парақшасында демалысынан түрлі фото мен видео жариялап, түркиялықтардың өзіне жасаған тосынсыйын көрсетті.

Өнер иесі жергілікті халықтың дайындап қойған мұндай сыйына қатты қуанып қалғанын жасырмады. Эстрада жұлдызы тоқтаған қонақ үйдің ұжымы теңізде кемемен жүзіп келе жатқанда оған "Erke" жазуы жазылған лазер шоуын көрсеткен. 

"Тосынсыйға рақмет" , - деп алғысын білдірді Ерке Есмахан.

Ерке Есмаханның Stories-i
Ерке Есмаханның Stories-i. Скриншот: Instagram/erke_esmahan

Айта кетейік, Ерке Есмахан бүгінде күйеуі мен қос анасымен бірге Түркияда демалып жатыр. Жұлдызды жанұяның бұл жолғы сапарына әншінің тұңғыш ұлы Муслим бармаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2143473-turikter-erke-esmahanga-erekshe-tosynsyi-zhasady-foto/