Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"70 жасқа толар еді": Мақпал Жүнісова марқұм Мадина Ералиеваны еске алды (видео)

Жарияланған күні:

Мақпал Жүнісова
Мақпал Жүнісова. Скриншот: "Алғашқы" бағдарламасы

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мақпал Жүнісова марқұм Мадина Ералиеваны еске алып, желіде мұрағаттық видеоны жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.

Мақпал Жүнісова Instagram-дағы парақшасында Мадина Ералиева өнер көрсетіп жатқан видеоны жариялап, оған әсерлі жазба арнады. Өнер иесі марқұм әншінің артында қалған ұлына ақ тілегін жолдады.

"Бүгін марқұм Мадина Ералиева әпкеміз арамызда болғанда 70 жасын тойлар еді. Құран бағыштап қояйық, артында қалған ұлының отбасы өркендей берсін, топырағы торқа болсын", - деп жазды өнер иесі.

Айта кетейік, танымал әнші Мадина Ералиева 2000 жылы 27 қарашада Қызылорда облысының Майлыбас қиылысы маңындағы Арал-Ташкент тас жолында жол апатынан қайтыс болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2143594-70-zhasqa-tolar-edi-maqpal-zhunisova-marqum-madina-eralievany-eske-aldy-video/