Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Керемет мәтін жаза алмаймын": Kalifarniya-ның әйелі әкесіне су жаңа көлік сыйлады

Жарияланған күні:

Әнел мен оның әкесі
Әнел мен оның әкесі. Видеодан кадр: instagram.com/ aanelyin

Отандық әнші Kalifarniya-ның келіншегі әкесіне су жаңа көлік сыйлады. Ол қуанышты жаңалығын Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

Блогер көлік жайлы аз ғана мәтін жазып қалдырды.

"Бүгін Алланың қалауымен әкеме көлік сыйладым. Әкем мәз болып жүр. Бір керемет мәтін жазып, "қудырта" алмайды екенмін, әйтеуір ризамын", - деп жазды Әнел.

Айта кетейік, осыған дейін халыққа Kalifarniya лақап атымен танымал Фархад Қалиев жарына қандай талаптар қоятынын айтты.

"Біздің үйге қыспақ жоқ. Ата-анама таңертең тұрып сәлем салады, шай қойып береді. Одан басқа ештеңе жоқ. Әке-шешем "аман-есен жүре беріңдер" дейді. Өзі бәрін біледі", - деді әнші.

Осы тұста Фархад жұбайының концертте сәлем салуына қатысты да пікір білдірді.

"Ол да қалжың ретінде айтылды. Жай ғана сол сәтті пайдаланғым келді", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2143596-keremet-matin-zhaza-almaimyn-kalifarniya-nyng-aieli-akesine-qymbat-kolik-syilady/