Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көпшіліктің сұрауы бойынша": Димаш Құдайберген Астанада қосымша концерт бермек

Жарияланған күні:

Димаш Құдайберген
Димаш Құдайберген. Фото: dimashnews.com

Отандық әнші Димаш Құдайберген Астана қаласында қосымша концерт бермек. Бұл туралы өнер иесі Instagram желісіндегі парақшасында айтты.

Әнші кезекті кеш көпшіліктің сұрауы бойынша өтетінін алға тартты.

"Достар! Астанада көпшіліктің сұрауы бойынша 14 қыркүйекте ASTANA ARENA стадионында өтетін қосымша концертімді ресми түрде хабарлаймын. Билеттер Ticketon.kz сайтында", - деді ол.

Айта кетейік, 13 қыркүйек күні өтетін Stranger атты шоудың билеттері 22 шілде күні сатылымға шықты. Бір сағат ішінде билеттердің 30 пайыздан астамы сатылып кетті.

"Құрметті достар! Ticketon.kz билет операторының сайтында Stranger атты жеке концертімнің сатылымы басталды. Демеушілер Small, Spar желілері", - деп жазды әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2143611-kopshilikting-surauy-boiynsha-dimash-qudaibergen-astanada-qosymsha-kontsert-bermek/