Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көз тимесін": ұлымен видео түсірген Раим жұрттың жүрегін елжіретті

Жарияланған күні:

Раим ұлымен
Раим ұлымен. Видеодан кадр: instagram.com/ raimusician

Түркияда демалып жүрген Раим ұлымен бірге түскен видео жариялады. Көпшілік өнер иесіне оң пікір жазып, ақ тілегін жаудырды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ерке Есмаханның жолдасы бейнежазбаны Instagram желісіндегі парақшасына жүктеді.

"Естелікке", - деп жазып қалдырды ол.

Мұны көрген көпшілік әншіге жақсы демалыс тіледі.

"Жақсы демалыс болсын", "Қандай керемет", "Көз тимесін", "Бала ата-анасымен бақытты", "Ерке-Раим, бақытты болыңдар", - деді жұрт.

Айта кетейік осыған дейін Түркияда демалып жатқан Ерке Есмаханға қонақ үй қызметкерлері ерекше тосынсый жасағанын жазған едік.

Өнер иесі жергілікті халықтың дайындап қойған мұндай сыйына қатты қуанып қалғанын жасырмады. Эстрада жұлдызы тоқтаған қонақ үйдің ұжымы теңізде кемемен жүзіп келе жатқанда оған "Erke" жазуы жазылған лазер шоуын көрсеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2143705-koz-timesin-balasymen-video-tusirgen-raim-zhurttyng-zhuregin-elzhiretti/