Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Алып қашты ма": әнші Ayree бейтаныс жігітпен көзге түсті (видео)

Жарияланған күні:

Ayree бейтаныс жігітпен
Ayree бейтаныс жігітпен. Видеодан кадр: Instagram/ayreeofficial

Қазақстандық танымал әнші Ayree желіде бейтаныс жігітпен түскен видеосын жариялап, елдің қызу талқысын тудырды. Оқырмандар өнер иесі сүйіктісін жолықтырды деп болжауда, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Шоу-бизнес жұлдызы аталмыш бейнежазбаны Instagram-дағы парақшасында бөліскен. Онда Ayree-ді белгісіз азамат көтеріп алып кеткенін көруге болады.

Желі қолданушылары өнер иесінің қасындағы ғашығы деп болжап, оған бақыт тілеп жазды. Кейбірі видеодағы жігітті Ray лақап атты әншіге ұқсатты.

"Бақытқа лайықтысыз", "Бақытты болыңыз", "Сүйіктісін жолықтырған-ау. Махабаттарыңыз баянды болсын", "Ұрлап кетті ма? Әлде алып қашты ма?", "Масқара, алып қашып кетті ғой", "Табиғи сұлулық", "Өте әдемісіз, дорамадан шыққан сияқтысыз", "Бұл Ray ма", - деп жазуда оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2143783-alyp-qashty-ma-anshi-ayree-beitanys-zhigitpen-kozge-tusti-video/