Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мені келін емес, "қызым" дейді": актриса Фариза Ескермес ұзатылды (видео)

Жарияланған күні:

Фариза Ескермес пен Балжан Бидаш
Фариза Ескермес пен Балжан Бидаш. Видеодан кадр: Instagram/fariza_yeskermes

Отандық танымал актриса әрі әнші Фариза Ескермес ұзатылып, сүйіктісінің үйіне келін болып түсті. Өнер иесі ерекше отбасылық тойдың қалай өткенін әлеуметтік желіде көрсетті., деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фариза Ескермес ұзату тойын өз үйінде тек ет-жақындарының арасында өткізуді жөн көрген. Тіпті қонақтар арасында актрисаның өнердегі көптеген досы да болмаған. Қалыңдықты Жазира Еркін мен Балжан Бидаш сынды жұлдызды құрбылары ғана қолдап келген.

Балжан Бидаш ән айтып, жан құрбысын жаңа отбасына шығарып салды.

"Жыламаймын деп ойлағам, болмай қалды. Өте әсерлі болды, бақыттан жылап жібердім. Ата-анамның, бауырларымның, жақындарымның, құрбы достарымның барына рақмет! Осы үйде өстім еркелеп, ерке болғанда тым ерке болдым ғой, анам айтатын "ойбай, сен ақсаусақ қай жерге келін болады екенсің, не болса да жақсы көрсе екен қызындай" деп. Сол анамның сөзі орындалып күшті жерге келін болып бардым. Ол үйде мені келін демейді, "қызым" дейді", - деп жазды актриса.

Фариза Ескермес қыз ұзатуы қалай өткенін Instagram-дағы парақшасында көрсетті. Өнер иесі сырға салынған сәттен видео жариялап, көпшілікке енесін таныстырды.

"Сырғалым. Дәл қазір сырға салынып , ұзатылып үйге қайтып бара жатырмын. Ертең бөлісемін, күшті кеш болды", - деп жазды өнер иесі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2144505-meni-kelin-emes-qyzym-deidi-aktrisa-fariza-eskermes-uzatyldy-video/