Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

10 тәулікке қамалған қазақстандық стендапер бостандыққа шықты

Жарияланған күні:

Александр Меркуль
Александр Меркуль. Видеодан кадр: youtube.com/@merkul_standup

Жуырда ғана сахнада бейәдеп сөздер айтқаны үшін қамауға алынған қазақстандық стендапер Александр Меркуль босталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Instagram-дағы парақшасында Александр үйінде екенін айтты.

"Мен үйдемін! Қолдауларыңызға рақмет. Барлығыңызды жақсы көремін!", - деп жазды ол.

Желідегі парақшасында Меркуль өзінің концерттік қызметін жалғастыруға дайын екенін мәлімдеген.

Еске сала кетейік, Қазақстандағы танымал стендапер Александр Меркулб құқықбұзушылық жасағаны үшін 10 тәулікке қамалды.

Бұл ақпарат астаналық стендапер Әділ Айшуақов пен Sun Project стендап-клубының Instagram желісіндегі парақшасында жарияланды.

Стендаперге қатысты мәліметті Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты растады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2144598-10-taulikke-qamalgan-qazaqstandyq-stendaper-bostandyqqa-shyqty/