Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қандай жар таңдауым керек деп жүрдім": Бағлан Әбдірайымов әйелімен қалай танысқанын айтты

Жарияланған күні:

Бағлан Әбдірайымов әйелімен
Бағлан Әбдірайымов әйелімен. Фото: instagram.com/baglan_abdraimov_official

"Жігіттер" квартетінің әншісі Бағлан Әбдірайымов келіншегімен алғаш танысқан кезін еске алып, қарым-қатынасы қалай өрбігенін айтты. Өнер иесі сүйіктісін ата-анасымен Елдос Қанаевтың үйлену тойында таныстырған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бағлан Әбдірайымов "Ұрпақ" подкастында жеке өмірі туралы жан сырын ақтарып, өмірлік жарын қалай таңдағанын айтып берді.

"Әйелімді 10-сыныпта алғаш рет көргенмін, кейін 11-сыныпта тағы кездестірдім. Университетте оқып жүргенде Шымкентте тағы да көрдім. Бірақ ол кезде қол ұстасып, өмір сүреміз деп ойламадық. Ең алғаш кездескен бейне көз алдыңда қалып кетеді ғой. Кейін "Жігіттер" квартеті құрылды, сонымен жүрдік. Жасым 27-ге келді, үйленетін уақыт жақындады. Былай уәделесіп, не қол ұстасып жүрген қыздар болмағандықтан "қандай жар таңдауым керек" деген сұрақ тұрған кезде, бір досымыздың тойынан осы Розаны көріп қалдым. Сол кезде іштей бір "осы сұрақтың жауабы табылды" дедім", - деді шоу-бизнес жұлдызы.

Сонымен қатар өнер иесі сүйіктісін ата-анасымен досының тойында таныстырып, кейін отбасын құруға бекінген.

"Содан байланыс орнатып, жағдай сұрастық. Үйге келгенде әкем мен анаммен ақылдастым. "Қыздың өзімен таныстырсам, қалай қарайсыздар" деп сұрадым. Әке-шешем бірден келісті. Сөйтіп, Елдостың тойында таныстырдым. "Біздің пікірімізді тыңдайтын болсаң, осы қыздан артығын біз көріп тұрған жоқпыз" деп әкем бір ауыз пікірін айтты. Розаға ұсыныс айтып, кейін отбасын құрдық", - деді әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2144673-qandai-zhar-tangdauym-kerek-dep-zhurdim-baglan-abdiraiymov-aielimen-qalai-tanysqanyn-aitty/