Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жол апатына түстім": Алмас Кішкенбаев өзі қатысқан қауіпті түсірілім туралы айтты

Жарияланған күні:

Алмас Кішкенбаев
Алмас Кішкенбаев. Фото: "Ұйқым келмейді" бағдарламасы

Отандық танымал әнші Алмас Кішкенбаев өміріндегі қауіпті түсірілім туралы айтып берді. Өнер иесі отандық жоба аясында 10 күн бойы сарбаздың қызметін атқарған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Алмас Кішкенбаев аталмыш жобаның түсіріліміне бара жатқанда жол апатына түскенін де айтты.

Әнші түсірілім барысында сарбаздың тапсырлмаларын орындау өзі үшін қиын болғанын жасырмады.

"Қапшағайда "Хабар" арнасының бір бағдарламасын түсіруге бардық. Осы қалада бір аптадай болдық. Көктемнің кезі болатын. Қиын түсірілім болды. Сол түсірілімге шығар кезде жол апатына түстім. Жер қазу керек, мен күрек ұстамаған адаммын ғой. Күрек ұстайтындай уақытым да болмады. Көбіне шығармашылықпен жүрдім. Түсірілімде сарбаздық тапсырмалар берді. Соның бәрі қиынға түсті",  - деді өнер иесі Saltanat Live Youtube арнасына берген сұқбатында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2145009-zhol-apatyna-tustim-almas-kishkenbaev-ozi-qatysqan-qauipti-tusirilim-turaly-aitty/