Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бұрынғы күйеуімен билеген Ақбота Сейітмағамбет желіде қызу талқыға түсті (видео)

Жарияланған күні:

Ақбота Сейітмағамбет пен Дәурен Айдарқұлов
Ақбота Сейітмағамбет пен Дәурен Айдарқұлов. Видеодан кадр: Instagram/gulnur_serikbay

Желіде Ақбота Сейітмағамбет пен Дәурен Айдарқұловтың тойда билеген видеосын тарап, елдің қызу талқысын тудырды. Қалың көпшілік ажырасып кеткен жұлдызды жұпқа түрлі пікір білдірген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ақбота Сейтімағамбет пен Дәурен Айдарқұловтың видеосы Instagram желісінде жарияланған. Бейнежазбада қос жұлдыздың тойда бірге билеп тұрғанын көруге болады.

Желі қолданушылары бұрынғы ерлі-зайыптының видеосын қыз талқылап, оларға қатысты түрлі пікір білдірді.

"Әлі де жақсы көреді ма?", "Әдемі жұп. Жарқынайлардан кейін осылар қосылса тіпті жақсы болар еді", "Балалары үшін әкесімен қосылғаны жұрыс сияқты", "Сондай сұлу қыз. Бақытты бол", "Қосылыңдаршы айналайындар. Ел жараспайды десе де бәрібір әдемісіңдер", "Дәуреннің жақсы көретіні көрініп тұр", "Биыл ажырасып кеткендер қайта қосылатын жыл секілді", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2145070-buryngy-kuieuimen-bilegen-aqbota-seiitmagambet-zhelide-qyzu-talqyga-tusti-video/