Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

50 жасында қызды болған Баян Алагөзова перзентханадан шықты (видео)

Жарияланған күні:

Баян Алагөзова күйеуімен
Баян Алагөзова күйеуімен. Фото: Instagram/bayanmaxatkyzy

Күні кеше үшінші мәрте қызды болғанын хабарлаған отандық продюсер Баян Алагөзова перзентханадан шықты. Жұлдызды жанұя өкілдері анасы мен қызын ерекше қарсы алған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Тұрсын Алагөзов келіншегі мен қызын перзентханадан алып шығып, бұл қуанышты жағдайдан кейінгі әсерін бөлісті.

"Бақыттан жылағым келіп тұр. Сондай сұлу менің ханшайымым", - деп айтты ол.

Сонымен қатар белгілі продюсер де қызды болуына қатысты пікір білдірді.

"Екі тәулік қатарынан ұйықтамадым. Мұндай жағдай басымнан өтпегеніне біраз уақыт болыпты. Бір қызық сезім. Өзіңді 20 жаста сезінесің. Бәрі енді ғана басталып жатқандай", - деп жазды Алагөзова Instagram-дағы парақшасында.

Анасы мен перзентін ерекше күтіп алуға продюсердің тұңғыш қызы Айсәуле Бақытбек пен оның жолдасы барынша атсалысқан. Олар перзентханаға үлкен гүл шоқтары мен жаңа туған нәрестеге бағалы сыйлықтарын алып келген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2145202-50-zhasynda-qyzdy-bolgan-baian-alagozova-perzenthanadan-shyqty-video/