Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үшінші қызын өмірге әкелген Баян Алагөзова сәбиіне қандай есім қойғанын айтты

Жарияланған күні:

Баян Алагөзова. Фото
Баян Алагөзова. Фото: instagram.com/bayanmaxatkyzy

Үшінші рет қызды болғанын мәлімдеген қазақстандық актриса әрі продюсер Баян Алагөзова қызына қандай есімін бергенін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Алагөзова жаңа туған перзентінің есімін Instagram-дағы парақшасында жариялады. Ол қызғылт түске боялған балалар бөлмесінде қызымен бірге түскен суретін жариялады. Айнала шарлармен безендірілген, олардың бірінен нәрестенің атын көруге болады.

"Үйге қош келдің, Алагөзова Алиса Тұрсынғалиқызы", - деп қысқаша жазып кетті Баян.

Еске салсақ, бұған дейін 50 жасында қызды болған Баян Алагөзова перзентханадан шыққан болатын.

"Екі тәулік қатарынан ұйықтамадым. Мұндай жағдай басымнан өтпегеніне біраз уақыт болыпты. Бір қызық сезім. Өзіңді 20 жаста сезінесің. Бәрі енді ғана басталып жатқандай", - деп жазды Алагөзова Instagram-дағы парақшасында.

Анасы мен перзентін ерекше күтіп алуға продюсердің тұңғыш қызы Айсәуле Бақытбек пен оның жолдасы барынша атсалысқан. Олар перзентханаға үлкен гүл шоқтары мен жаңа туған нәрестеге бағалы сыйлықтарын алып келген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2145312-ushinshi-qyzyn-omirge-akelgen-baian-alagozova-sabiine-qandai-esim-qoiganyn-aitty/