Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Блогер Байзақованың інісі ұсталды": алматылық полицейлер түсінік берді

Жарияланған күні:

Әлихан Байзақов әуежайда
Әлихан Байзақов әуежайда. Фото: Instagram/baizaakov

Желіде тәртіп сақшылары блогер Әлихан Байзақовты ұстағаны туралы ақпарат тарады. Көп ұзамай Алматы полиция департаменті оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Осыған дейін ПИСЬМА ПРЕЗИДЕНТУ Telegram арнасында құқыққорғау қызметкерлері Айжан Байзақованың інісі, блогер Әлихан Байзақовты ұстағаны туралы ақпарат тараған еді. Жазба авторының сөзінше, Байзақовтың ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысы бар болуы мүмкін.

Алматы қалалық ПД аталған жайтқа қатысты KAZ.NUR.KZ тілшісіне пікір білдірді.

"Алматы қалалық полиция департаменті аталған тұлғаның полицияға куәгер ретінде шақырылғанын хабарлайды. Тергеу амалдарынан кейін ол үйіне жіберілді",- деді ол.

Айта кетейік, осыған дейін Алматы мен Шымкент қаласында "Дикий Арманның" ұйымдасқан қылмыстық тобына қатысы бар болуы мүмкін 15 адамды ұстаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2145910-almatylyq-politseiler-bloger-baizaqovanyng-inisi-ustaldy-degen-malimetke-pikir-bildirdi/