"Сол жағдайдан кейін қорқып қалдым": Салтанат Бақаева басынан өткен оқиғаны баяндады
Жарияланған күні:
Қазақстандық танымал әнші Салтанат Бақаева алғаш рет тойға шыққан кезін еске алып, басынан өткен жағдайды баяндады. Өнер иесі оқыс оқиға салдарынан той-томалақтарға енді ағасымен баратынын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Салтанат Бақаева өңірлерде болатын тойларға қатысты пікір білдіріп, неден қорқып қалғанын ашып айтты. Әнші той иесі өзіне гонорарын төлемей қойған кездері болғанын жеткізді.
"Өңірлерде түрлі жағдай болып жатады. Ол жақта адамдар да басқаша. Кейде келісілген жерге барып тұрғанда төлем жасамайтын той иелері бар. Сол үшін бізде райдердің нақты мөлшері, шарты жазылған. Той иесі сонда жазылған соманы алдын ала төлеу керек. Мен содан кейін ғана тойға барамын. Себебі төлемей қоя ма деп қорқамын.
Өйткені гонорарымды төлемей қойған кездер болды. Бұл менің жеке орындаушы ретінде шыққан алғашқы кездерім еді. Әлгі кісі менің танысымның танысы болып шықты. Сол арқылы шығып, гонорарымды алдым. Көбінесе тойларға ағаммен бірге ұшамын. Бір жағынан бұл қауіпсіздік, бір жағынан өзім де осы жағдайлардан кейін қорқып қалдым", - деді өнер иесі Бота Абдірамановаға берген сұқбатында.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2147713-sol-zhagdaidan-keiin-qorqyp-qaldym-saltanat-baqaeva-basynan-otken-oqigany-baiandady/