Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мені шайға шақыратын": Бибігүл Төлегенова Дінмұхамед Қонаевпен достығы туралы айтты

Жарияланған күні:

Бибігүл Төлегенова
Бибігүл Төлегенова. Видеодан кадр: Youtube/Dinara Satzhan

Аңыз әнші Бибігүл Төлегенова белгілі саясаткер Дінмұхамед Қонаевпен достығы туралы айтты. Өнер иесі қоғам қайреткерімен биліктен кеткен кезінде жақсы араласқанын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бибігүл Төлегенова Қонаевпен кездесулері туралы Динара Сәтжанға берген сұқбатында айтып берді. Әншінің сөзінше, саясаткер екеуі шәй үстінде көп сырласқан.

Өнер иесі Дінмұхамед Қонаевтың өзіне ағалық қамқорлық танытып, ақыл-кеңесін бергенін айтты.

"Қонаевпен ол биліктен кетіп қалған кезде араластым. Әйелі қайтыс болғанда жалғыз қалды. Ол үйінде жалғыз тұратын. Басынан ауыр кезең өтіп жатқанын көріп, жүрегіміз ауырды. Ол кісінің күзеті болатын. Оған сегізге дейін ғана келуге болатын. Сағат сегіз болғанда күзет келіп, кездесу уақыты аяқталғанын айтатын.

Бір рет өзі маған қоңырау шалды. Әбден іші пысқан болу керек. "Бибігүл, қызым сен бойдақтардың шайын ішкің келмейді ма?" деді. Сол сәтте концерттен енді келгенмін. "Уақытың болса, үйге кел" деп шақырды. Қызметте болғанда киімі бәрі үтіктелген сондай беделді кісі еді. Ал үйінде қарапайым адам. Бірге отырып шай ішіп, көп әңгімелесетін едік. Ол кісі маған "ешқашан ешкімді жамандама, ешкім туралы жаман сөз айтпа. Айтсаң жақсы жағын айт. Болмаса үндеме" дейтін. Маған олай неге айтқанын ақыры білмей кеттім", - деді Төлегенова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2147784-meni-shaiga-shaqyratyn-bibigul-tolegenova-dinmuhamed-qonaevpen-dostygy-turaly-aitty/