Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Чемпионның әкесі болайын": Елдос Сметов Төреғали Төреәліге ерекше сыйлық тарту етті (видео)

Жарияланған күні:

Төреғали Төреәлі. Фото
Төреғали Төреәлі. Фото: instagram.com/toregalitoreali

Отандық танымал әнші Төреғали Төреәлі Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовтың шаңырағында қонақта болып, досынан ерекше сыйлық алды. Әнші болашақта өзі де чемпиондардың әкесі болуды армандайтынын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Париж Олимпиадасының алтын жүлдегері Елдос Сметов "Ұлы дала баласын" үйіне қонаққа шақырып, оған ерекше сыйлық тарту еткен. Спортшы ырымдап, әнші досының ұлдарына өзі жаттыққанда киген киімдерін сыйлаған.

Әсерлі сәттің видеосын Төреғали Instagram-дағы парақшасында жария еткен.

"Саған Алла разы болсын. Бір-бірімізге деген қолдауымыз ешқашан бітпесін. Ақыреттік достар болайық. Маған өзі тапсырма берген ғой. Өзім жаттыққанда киген, өзім терлеген киімдерімді ұлдарына сыйлағым келіп тұр. Қазақ ырымшыл халықпыз ғой", - деді Сметов.

Төреғали Төреәлі спортшы досына алғысын айтып, болашақта ұлдарының да чемпион болуын тіледі.

"Ұлдарыма жаттығуға киген киімдерін ырымдап беріп жатыр. Болашақта чемпиондардың әкесі болайын. Сіздер әумин деп қойыңыздар", - деп жазды әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2147893-chempionnyng-akesi-bolaiyn-eldos-smetov-toregali-torealige-erekshe-syilyq-tartu-etti-video/