Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Оларды таныстырдым": Салтанат Бақаеваның күйеуі оны Нұржан Керменбаевтан қызғанғаны рас па

Жарияланған күні:

Салтанат Бақаева
Салтанат Бақаева. Видеодан кадр: Youtube/Bota Abdiramanova

Отандық танымал әнші әрі актриса Салтанат Бақаева жолдасы мен өнердегі әріптесі Нұржан Керменбаевтың арақатынасы туралы бар шындықты айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.

Салтанат Бақаева жолдасы оны Керменбаевтан мүлдем қызғанбайтынын айтты.

"Мен оларды бірден таныстырып қойдым. Олар жақсы араласа бастады. Менің жолдасым менен 7 жас үлкен. Оның түсінігі мол. Қызғаныш, ұрысу деген ешқашан болмаған. Сол себепті ол Нұржанға мені қызғанған жоқ. Жұмыс деп қабылдады", - деді Бақаева.

Сонымен қатар өнер иесі күйеуі оның жұмысына асқан түсіністікпен қарап, қолдау білдіретінін айтты.

"Маған өнеріңді қоятын шығарсың деп айтып көрмеген. Себебі біз отау құрмай тұрып, бұл мәселені талқылағанбыз. Ол менің жұмысымды түсінеді. Әркез қолдауын білдіреді", - деді актриса Бота Әбдірамановаға берген сұқбатында.

Оған қоса әнші алғаш келін болып түскен кезін еске алды.

"Ата-енем мен келін болатын кезде дайын болған сияқты. Себебі қыздары да актриса. Олар актрисамен өмір сүру қандай болатынын білді. Шынымды айтайын, әлі күнге дейін етке қамыр жаймаймын. Жолым болды деп айтар едім. Енем маған қатал болмады. Біріншіден, түсінігі мол. Екіншіден, білмегенімді түсіндіріп, айтып отырады. Өзім ашық адаммын, бәрінің нақтысын айтамын, білмегенімді сұраймын. Бұл қасиеттерім жаңа отбасыма сіңуіме көмегі тиді. Әрқашан қолдайтын екінші анама көп рахмет айтқым келеді", - деді Бақаева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2148096-olardy-tanystyrdym-saltanat-baqaevanyng-kuieui-ony-nurzhan-kermenbaevtan-qyzgangany-ras-pa/