Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бөлек тұрған кезіміз болды": Салтанат Бақаева ата-енесімен арақатынасы туралы айтты

Жарияланған күні:

Салтанат Бақаева
Салтанат Бақаева. Фото: instagram.com/saltanat_bakayeva

Қазақстандық танымал әнші Салтанат Бақаева отбасылық өмірі туралы сыр шертіп, ата-енесміен қарым-қатынасы қандай екенін айтты. Өнер иесі бір кездері олардан бөлек тұрған кездері болғанын жасырады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Салтанат Бақаева келін болып түскелі ата-енесімен тұрып, кейін жолдасымен бөлек шығып көрген. Алайда ата-анадан бөлек тұру ерлі-зайыпты үшін қиын болған.

"11 жылдан бері ата-енеммен бірге тұрып келеміз. Біз бөлек тұрған кездер болды. Бірақ ыңғайсыз болды. Себебі балаларға қарайтын адам болмады. Бала күтушісіне, бөтен адамға мен баланы сеніп тастай алмайды екенмін. Мұның бәрі қиын болды. Ал бірге тұрған маған ұнайды. Бірақ болашақта балаларыммен бірге тұрғым келмес еді. Күйеуіммен бірге тұруды қалаймын", - деді актриса Бота Әбдірамановаға берген сұқбатында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2148127-bolek-turgan-kezimiz-boldy-saltanat-baqaeva-ata-enesimen-araqatynasy-turaly-aitty/