Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Аналар балаларына жақындауға қорқып қалды": отандық жұлдыздар сынға қалған спортшылар туралы пікір білдірді

Жарияланған күні:

Жазира Байырбекова
Жазира Байырбекова. Фото: Instagram/zhazira_bairbekova

Париж Олимпиадасынан жүлделі орын алған бірқатар спортшы елге орылған бойда халықтың сынына ұшырады. Қалың көпшілік оларды ел алдына анасымен қол ұстасып шыққаны үшін қызу талқылаған. Бұл жағдайға қатысты өнер өкілдері де пікір білдіріп, ана мен бала тақырыбы туралы ойын айтқан, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Өнер жұлдыздарды ел намысын абыроймен қорғап келген спортшыларға айтылып жатқан сынды мүлдем орынсыз деп есептейді. Белгілі кинопродюсер Гүлнұр Мамасарипова бұл жағдайдан кейін "аналар балаларына жақындауға қорқып қалатын болды" деп айтты.

"Аналары балаларына жақындауға қорқып қалды-ау. Осы біз хайп пен хейттен өлеміз", - деді ол.

Жазира Байырбекова "мамасының баласы" ден сынап жатқандарға үндеу жасап, бірудің отбасына араласпауға шақырды.

"Әйелін құрметтейтін жігіттерді "подкаблучник" дейтін еді. Енді анасын құрметтейтіндерді "мамасының баласы" деп мазақ ететін болыпты. Әрине әртүрлі аналар, әртүрлі келіншектер болатыны рас. Бірақ бұл қылықтарыңыз әр отбасындағы жігіттерді әйеліне немесе анасына қарсы қоюға әкелмей ма? Ешкімді ешкімге қитұрқы сөзбен айдап салмай, жай ғана түсінісіп өмір сүруге неге тырыспайды біздің қоғам", - деп жазды әнші.

Тележүргізуші Дана Нұржігіт сынның астында қалған Елдос Сметовке қолдау білдірді.

"Бұқара алдында жүрген адамның бағы да, соры осы, бауырым. Бәрі - сын", - деп жазды ол.

Гүлнұр Мамасарипова мен Дана Нұржігіттің Stories-i
Гүлнұр Мамасарипова мен Дана Нұржігіттің Stories-i. Скриншот: Instagram/gulnur_mamasaripova/dana_nurzhigit

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2148160-analar-balalaryna-zhaqyndauga-qorqyp-qaldy-otandyq-zhuldyzdar-synga-qalgan-sportshylar-turaly-pikir-bildirdi/