Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мені онша жақтырмайтын": блогер Мереке Қалбаева енесіне пәтер сыйлады (видео)

Жарияланған күні:

Мереке Қалбаева студияда қонақта
Мереке Қалбаева. Фото: Жетінші арна

Отандық танымал блогер әрі әзілкеш Мереке Қалбаева енесіне тосынсый жасап, Астанадан пәтер сыйлады. Желі жұлдызы енесімен қарым-қатынасы туралы бар шындықты айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мереке Қалбаева енесіне баспана сыйлап жатқан видеосын Instagram-дағы парақшасында жариялап, оқырмандарына көрсетті.

Бейнежазбада блогер күйеуі екеуі анасын жаңа үйіне көзін жауып алып келгенін көруге болады. Желі жұлдызының енесі мұндай сыйлыққа қатты таңғалып, көз жасына ерік берген. Ол балаларына алғысын айтып, келінін жер-көкке сыйғызбай мақтабы.

"Аналар бар жақсыға лайықты. Үйіңіз құтты болсын, асыл енешім. Мамам үйге келгенде құт-береке орнайды ғой, үйдің аурасы өзгеріп күштіі болып кетеді. Енді Ару апасымен күндіз-түні бірге. Қуана білгенге құт қонады. Жұғысты болсын. Енемізбен көрші боламыз", - деп жазды Мереке Қалбаева.

"Басында жасы үлкен деп бәрі қарсы болған. Енді менің келінім бәрін басып озды. Осындай келін барлықтарыңызға жұғысты болсын", - деді енесі.

Сонымен қатар Мереке Қалбаева енесімен қарым-қатынасы туралы сыр шертті. Блогер бастапқыда енесі өзін жақтырмағанын айтты.

"Бастапқы кездерде енем Арсенді менен қатты қызғанып, мені онша жақтырмайтын. Мен де енеме жақын емес едім. Мамамды қатты сыйлап, жақсы көріп кетуіме өзімнің анам себепші болды. Өз мамам "Мереке, сенің енең екі ұлын өзі жалғыз өсірді. Солар үшін өмір сүрді. Ұлдарын үйлендірді. Ал өзі үйінде жалғыз, күнде түнде қорқып ұйықтап, қорқып тұрады. Сендер ұятсыз екенсіңдер. Сендердің орындарыңда болсам енеңді қолыма алар едім. Бала-шағаң әжесін күнде көріп өседі. Арсеннің де көңілі тоқ болып жүрер еді" дегенде жылап жібердім. Енемді қатты жақсы көріп кеттім. Өзімнің нашар әйел екеніме көзім жетті", - деп жазды Қалбаева.

Мереке Қалбаеваның Stories-i
Мереке Қалбаеваның Stories-i. Скриншот: Instagram/merekusha.k

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2148187-meni-onsha-zhaqtyrmaityn-bloger-mereke-qalbaeva-enesine-pater-syilady-video/