Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Триодан квартет жасау керек": Мақсат Базарбаев "МузАрт" тобында болған кезін еске алды (фото)

Жарияланған күні:

"МузАрт" тобы
"МузАрт" тобы. Фото: Instagram/maksat_bazarbay

Отандық танымал әнші Мақсат Базарбаев "МузАрт" тобында өнер көрсеткен кезін еске алып, желіде мұрағаттық суреттерін жариялады. Желі қолданушылары өнер иесінің топқа қайта қосылғанын қалайтындарын жазды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Мақсат Базарбаев "МузАрт" кезіндегі мұрағаттық фотоларды Instagram-дағы парақшасында жариялаған.

"Бұл "МузАрт" тобы. Бұл да бір дәурен екен. Күйбең тірлік деп жүргенде жазда мәресіне жақын қалды", - деген жазба қалдырды әнші.

Желі қолданушылары эстрада өкілінің топқа қайтып келуін тілеп, жарыса жазып жатыр. 

"Мақсат бауырым сенің орның ерекше еді "Мұзартта". Қайран уақыт", "МузАртқа" қайта алсын, Мақсаттың дауысы керемет, сазды. Өзім осы Мақсаттың болғанын қалаймын, триодан квартет жасаңыздар", "Сен болғанда “МузАрттың” әндерін тыңдаушы едік", "Мақсатты топқа қайта алу керек", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2148342-triodan-kvartet-zhasau-kerek-maqsat-bazarbaev-muzart-tobynda-bolgan-kezin-eske-aldy-foto/