Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Дұрыс таңдау жасады": Ерке Есмахан ерекше отбасылық видео жариялады

Жарияланған күні:

Ерке Есмахан мен Райм
Ерке Есмахан мен Райм ұлымен. Фото: Instagram/erke_esmahan

Отандық танымал әнші Ерке Есмахан желіде Түркиядағы демалысынан ерекше отбасылық видео жариялап, елді сүйсінтті. Оқырмандар жұлдызды жанұяға жылы лебізін білдірген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ерке Есмахан күйеуі мен ұлымен түскен видеосын Instagram-дағы парақшасында жариялаған. Бейнежазбада жұлдызды жұптың табиғат аясында ұлымен ерекше уақыт өткізгені көрініс тапты.

"Сәулелі сәттерім үшін Аллаға сансыз шүкіршілік айтамын! Әйел, ана бақытын аңсап, күтіп жүрген әрбір жанға жұғысты болсын", - деп жазды әнші.

Желі қолданушылары жұлдызды жанұяға тәнті болып, оларға ыстық ықыласын білдірген.

"Көз тимесін. Сондай ел сүйсінерлік жұпсыңдар", "Балаларыңыз көп болсын. Бақытты болыңыздар", "Махаббат деген осы. Ұстасқан қолдарыңыз ажырамасын", "Раймның жақсы көретіні көрініп тұр. Әйелін қайта-қайта құшақтап, сүйіп қояды", "Ерке дұрыс таңдау жасадың", "Райм әйел затына деген сыйластығы ерекше", "Сондай бақытты шақтасыздар. Сөз де, көз де тимесін", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2148402-durys-tangdau-zhasady-erke-esmahan-erekshe-otbasylyq-video-zhariialady/