Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Егізі ме": желіде актриса Дариға Бадықоваға ұқсайтын тайландтық сатушы әйелдің видеосы тарады

Жарияланған күні:

Тайлық әйел. Фото
Тайлық әйел. Фото: instagram.com/daniyar_mukhtar

Желіде актриса Дариға Бадықовадан аумай қалған тайландтық әйелдің видеосы көп қаралым жинаған. Оқырмандар оның отандық жұлдызға қатты ұқсайтынын айтып, таңғалып жатыр, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мұхтар Данияр есімді қолданушы өзінің Instagram-дағы парақшасында отандық актрисаға ұқсаған тайлық сатушы әйелдің екі видеосын салған. Ал видео астына "Тайландық Айсара қарапайым сатушы", "Дариға Бадықова копия, Дариғаның көшірмесін Тайландтан тауып алдық" деп жазды ол.

Алғашқы видеода ер адам тайландтық әйелді сыртынан түсіріп алған. Кадрда әйел баршаға сәлем жолдаған.

Екінші видеода сатушыға Дариға Бадықованың видеосын көрсетіп, оның атақты актрисаға қатты ұқсайтынын айтты. Сондай-ақ, алғаш салған видеосының Tik tok желісіне 800 мыңға жуық қаралым жинағанын сөз етті. Тайландтық әйел риза болып, алғысын білдіріп жатты.

Көпшілік расымен де ұқсастықты байқап, тіпті, жеміс жидек сататын әйелді актрисаның егізіне балады.

"Егізі ме", "қатты ұқсайды", "копия", "Дариға Бадықова сатушының рөлінде киноға түсіп жатыр екен деп қалдым", - деп жазды олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2148418-egizi-me-zhelide-aktrisa-dariga-badyqovaga-uqsaityn-tailandtyq-satushy-aielding-videosy-tarady/