Димаш Құдайбергеннің ата-анасы боксшы Нұрбек Оралбайға ерекше сыйлық жасады (видео)
Жарияланған күні:
Димаш Құдайбергеннің ата-анасы Қанат пен Света Айтбаевтар Париж Олимпиадасында ел намысын қорғап, күміс жүлдені жеңіп алған Нұрбек Оралбайды арнайы құттықтап барды. Өнер иелері боксшыға ерекше сыйлық жасаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Димаш Құдайбергеннің ата-анасы ел қоржынына күміс жүлде түсірген спортшыға қымбат тон кигізген. Олардың Нұрбек Оралбайға сыйлығын табыстаған видеосын Tik-Tok желісінде тарап кеткен.
"Естелік болсын деп, келе жатып саған арнайы сатып алдық. Құрметтеріңізге көп рақмет. Мынау құндыз тон арнайы саған. Киіп алшы, көрейік. Өзіңе шап-шақ екен. Апаңның көзмөлшері дұрыс болды. Ал Айбекке інісіне қолдау көрсетіп, жеңісті, тұғырлы жолда жүргені үшін ат мінгіземіз ", - деді Қанат Айтбаев.
Нұрбек пен Айбек Оралбай ерекше құрмет көрсеткен әншінің ата-анасына алғысын айтты.
Айта кетейік, Нұрбек Оралбай бокстан 80 келі салмақ дәрежесінде Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды.
Боксшыны Астанада жақындары мен жанкүйерлері ерекше күтіп алды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2148669-dimash-qudaibergenning-ata-anasy-boksshy-nurbek-oralbaiga-erekshe-syilyq-zhasady-video/