Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Желкеңнен жасырын түсіріп тұрады": Ерке Есмахан дөрекілік танытатын адамдар туралы айтты

Жарияланған күні:

Ерке Есмахан
Ерке Есмахан. Фото: instagram.com/erke_esmahan

Отандық танымал әнші Ерке Есмахан жасырын түрде өзін суретке түсіріп, дөрекілік танытатын жанкүйерлері туралы сөз қозғады. Өнер иесі кей жағдайда оқырмандарының бетін қайтаруға мәжбүр екенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ерке Есмахан азулы жазбасын Instagram-дағы парақшасында жариялады. Өнер иесі қарбалас кезде жанкүйерлерімен суретке түсуден бас тартатын кездері болатынын жасырмады.

"Аллаға шүкір, еңбектің жемісі ғой. Қайда барсақ та танып, қасымызға келіп жағдай сұрап, сәлемдесіп, фотоға түсіп тілектерін жаудырып жатады. Үлкендер ақ баталарын аямайды. Кез келген жерде сыйлап құрметтейтін халықты көріп қуанамыз. Рақмет!

Бірақ, кейде артық сөйлеп, дөрекіленіп суретке, видеоға түскісі келетін адамдар да бар. Болмаса тамақтанып, демалып немесе өз шаруаңмен асығыс, уақытың болмай шауып жүргенде төбеңнен, желкеңнен жасырын түсіріп тұратындар да болады. Көбінесе бәрін сыйлап, ешкімнің бетін қайтармауға тырысамын. Ал кейде "жоқ" деп отказ берсем дым ренжімеңіздер. Менің де ондайдан жүйкем ауыратын кездер болады", - деп жазды әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2148739-zhelkengnen-zhasyryn-tusirip-turady-erke-esmahan-dorekilik-tanytatyn-adamdar-turaly-aitty/