Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Менің табиғатым керісінше": әнші Ерке Есмахан босанғаннан кейін бойында қандай өзгерістер болғанын айтты

Жарияланған күні:

Ерке Есмахан
Ерке Есмахан. Фото: instagram.com/erke_esmahan

Отандық әнші Ерке Есмаханның сөзінше босанғаннан кейін тұла бойында болған өзгерістер болып, шашы қалыңдай бастаған. Бұл туралы өнер иесі Instagram-дағы жеке парақшасында айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Босанған соң шашың түседі, дымы қалмай" - дейтін еді ғой. Менікі керісінше, тез өсіп, қалыңдап кетті. Тіпті тұла бойым өзгеріп, басқаша гүлдей бастадым.

Негізі менің табиғатым керісінше ма бірдеңе", - деді Ерке Есмахан.

Айта кетейік, әнші Ерке Есмахан жасырын түрде өзін суретке түсіріп, дөрекілік танытатын жанкүйерлері туралы сөз қозғады. Өнер иесі кей жағдайда оқырмандарының бетін қайтаруға мәжбүр екенін айтқан болатын.

Сонымен қатар Ерке Есмахан желіде Түркиядағы демалысынан ерекше отбасылық видео жариялап, елді сүйсінтті. Оқырмандар әншіге "дұрыс таңдау жасады" деп, жұлдызды жанұяға жылы лебізін білдірген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2149074-mening-tabigatym-kerisinshe-anshi-erke-esmahan-bosangannan-keiin-boiynda-qandai-ozgerister-bolganyn-aitty/