Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қызды кім айттырмайды": Балжан Бидаш көптің көкейінде жүрген сұраққа жауап берді

Жарияланған күні:

Балжан Бидаш
Балжан Бидаш. Фото: instagram.com/bidash_official

Отандық танымал әнші Балжан Бидаш желіде жеке өмірі туралы сыр шертіп, көпшілік көкейінде жүрген сұраққа жауап берді. Өнер иесі өзіне ұсыныс жасаса, бірінші болып оқырмандарына хабарлайтынын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Балжан Бидаш желіде тарап кеткен видеоға пікір білдіріп, өзіне қатысты қауесеттерді жоққа шығарды. Белгілі болғандай, әншіге ұсыныс жасап жатқан бейнежазба бірнеше жыл бұрын түсірілген.

Өнер иесі оқырмандарын желіде тарап жатқан қауесеттерге мән бермеуге шақырды. Ол жеке өмірінде жаңалықтар болған жағдайда бірден хабарлауға уәде етті.

"Осы видео интернетті шулатып жатыр екен. Қызды кім айттырмайды? Қымызды кім ішпейді? Ұсыныс жасаса, сіздерге бірінші болып өзім айтамын. Анау- мынау әңгімелерге сене бермеңіздер", - деп жазды Балжан Бидаш Instagram-дағы парақшасында.

Балжан Бидаштың Stories-i
Балжан Бидаштың Stories-i. Скриншот: Instagram/bidash_official

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2149423-qyzdy-kim-aittyrmaidy-balzhan-bidash-kopting-kokeiinde-zhurgen-suraqqa-zhauap-berdi/