Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әнші Ұланғасыр Қамиге қатысты іс жабылғаны рас па

Жарияланған күні:

Ұланғасыр Қамиев
Ұланғасыр Қамиев: instagram.com/ulangasyrqamiev

Желіде "хиджаб кимеген әйелдер" туралы пікір білдіріп, басы дауға қалған әнші Ұланғасыр Қамиге қатысты істің жабылғаны туралы ақпарат тарап жатыр. Бұл туралы өнер иесінің үстінен арыз түсірген келіншек әлеуметтік желіде хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қостанай қаласының тұрғыны Саида Сисембаева әнші Ұланғасыр Қамидің пікірімен келіспей, оның үстінен арыз түсірген болатын. Алайда бүгінде оған әншіге қатысты істің жабылғаны туралы ақпарат келіп түскен.

"Маған Алматы қаласының полиция департаментінің өтінішімді тіркеусіз қалдыратыны жөнінде хат келді. Өйткені олардың пікірінше, Қамиевтің сөздерінде қылмыс құрамы жоқ екен. Әнші сөзінде әйелдерді күйеулерінің өлтіруін ашық ақтаған болатын еді", – деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.

Сонымен қатар Саида Сисембаева желіде өтініштің мәтінін жариялап, әншінің үстінен жазылған арыз қаралмайтынын айтты.

"Қамиев Ұ.Ж өзінің Instagram парақшасында тікелей эфир кезінде оқырмандарының қойған сұрақтарына жауап берген. ҚР ҚК 174-бабының 1-бөлімінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық құрамын жасамаған. Жоғарыда айтылғандардың негізінде, бұл жағдайда қылмыстық құқық бұзушылықтың құрамы жоқ екенін ескере отырып, заңға сәйкес сіздің өтінішіңіз есепте тіркеусіз қалды әрі номенклатуралық іс жүргізу есебінен шығарылды", - делінген ІІМ-нің жауабында. 

KAZ.NUR.KZ тілшісі жолдаған сауалға Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі жауап берді.

"Алматы қаласының ПД бұл факт бойынша жан-жақты тексеру жүргізілгенін хабарлайды. Тексеру қорытындысы бойынша орындаушының әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық анықталған жоқ.

Алдағы уақытта ықтимал құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында барлық құқықтық аспектілерді түсіндіру жұмыстары жүргізілді", - делінген хабарламада.

Полиция департаменті барлық азаматты заң нормаларын сақтауға шақырады.

Айта кетейік, бұған дейін "Балқия" әнінің орындаушысы әйелдерді неліктен күйеуі өлтіретіні туралы ойын айтқан болатын.

Ұланғасыр Қамидің шулы мәлімдемесінен кейін ІІМ тексеріс бастағанын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2149431-anshi-ulangasyr-qamige-qatysty-is-zhabylgany-ras-pa/