Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Гүлзира Айдарбекова Швейцарияда қалай демалып жатқанын көрсетті (видео)

Жарияланған күні:

Гүлзира Айдарбекова
Гүлзира Айдарбекова. Фото: instagram.com/gulziraaidarbekova

Қазақстандық танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова Еуропа елдеріне саяхатын жалғастырып жатыр. Қайрат Нұртастың анасы Италиядан кейін Швейцарияға жол тартқан, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Гүлзира Айдарбекова демалысы қалай өтіп жатқанын Instagram-дағы парақшасында көрсетті. Белгілі продюсер Швейцарияның әсем жерлерін аралап, оқырмандарымен алған әсерімен бөлісті.

"Бүкіл әлем - таңның атуы мен күннің батуы, елдер мен кенттер, мұхиттар мен теңіздер, кездесу мен қоштасулар - сенің жүрегіңде. Швейцариядан естелік болсын! Менің өмірімнің бір бөлшегі оқырмандарыма да Алла әлемді аралауды жазсын", - деп жазды Қайрат Нұртастың анасы.

Айдарбекова бұл демалысына құрбыларымен бірге аттанған. Олар алдымен Италияны аралап, естен кетпес демалыс өткізген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2149915-gulzira-aidarbekova-shveitsariiada-qalai-demalyp-zhatqanyn-korsetti-video/