Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Енді ғана өзімізге келдік": Байзақова інісіне қатысты жағдайға пікір білдіріп, оның қазіргі жағдайын айтты

Жарияланған күні:

Айжан Байзақова бауырымен
Айжан Байзақова бауырымен. Фото: Instagram/baizaakov

Атышулы блогер Айжан Байзақова туған інісіне қатысты даулы оқиғаға пікір білдірді. Бұған дейін желіде Әлихан Байзақовтың "ұсталған" сәтінен видео тарап кеткен болатын, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айжан Байзақова бұл жағдайға қатысты ұзақ уақыт үнсіздік сақтап, еш жерде пікір білдірмеді. Алайда Instagram-дағы парақшасында оқырмандарын қызықтырған сұрақтарға жауап беруді жөн көрді.

Желі қолданушыларының бірі блогер арудан Әлихан Байзақовтың оқиғасы туралы сұрады.

"Қалай пікір білдіремін? Сол күні қатты стресс алдық. Мен бәрін видео байланыс арқылы көрдім. Енді ғана өзімізге келдік", - деп жазды Байзақова.

Сонымен қатар желі жұлдызы інісінің қазіргі жағдайын айтты.

"Уайымдамаңыздар, бәрі жақсы. Бәрі жақсы болмаса, ол оқырмандарымен байланысқа шыға алмас еді", - деп жазды Айжан.

Айжан Байзақованың Stories-i
Айжан Байзақованың Stories-i. Скриншот: Instagram/bayzakova

Айта кетейік, бұған дейін желіде Әлихан Байзақовтың ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын. Полиция өкілдері бұл ақпаратқа қатысты пікір білдіріп, блогердің полицияға куәгер ретінде шақырылғанын хабарлаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2149926-endi-gana-ozimizge-keldik-baizaqova-inisine-qatysty-zhagdaiga-pikir-bildirip-onyng-qazirgi-zhagdaiyn-aitty/