Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұрлан Қоянбаев жолда тұрған саудагерлерден 2 тонна қарбыз сатып алды (видео)

Жарияланған күні:

Нұрлан Қоянбаев қарбыз сатып алып жатыр
Нұрлан Қоянбаев қарбыз сатып алып жатыр. Видеодан кадр: Instagram/koyanbayevnurlan

Отандық танымал актер әрі кинопродюсер Нұрлан Қоянбаев жолда қарбыз сатып тұрған диқандардың саудасын жүргізуге көмектесіп жатыр. Өнер иесі олардың біреуінен 2 тонна қарбыз сатып алған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Нұрлан Қоянбаев Instagram-дағы парақшасында арнайы челлендж бастап, оқырмандарын игі іс жасауға шақырды.

"Биыл қарбыз-қауынның бағасы түсіп, сауда бәсеңдеген. Сондықтан, диқаншыларымызға халық боп, бірге қолдау білдірейік! Әр қазағым жалғызым! Күшті өмір сүрейік", - деп үндеу жасады актер.

Өнер иесі өзі де жолдан тоқтап, сатушылардың бірінен 2 тонна қарбыз сатып алған.

"Бүгін 2 тонна қарбыз сатып алдық! Жақсылық жасап, жарысайық", - деді Қоянбаев.

Сонымен қатар кинопродюсер жолда өтіп жатқан көліктерді тоқтатып, диқандардың қарбызын сатуға көмектесті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2150493-nurlan-qoianbaev-zholda-turgan-saudagerlerden-2-tonna-qarbyz-satyp-aldy-video/