Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Басқа құдалықта жүр": қызының сырға салуына қатыспады деген Абай Бегей қызу талқыға қалды

Жарияланған күні:

Абай Бегей қызымен
Абай Бегей қызымен. Фото: Instagram/abai_begei

Күні кеше Ақтау қаласында әнші Абай Бегейдің ортаншы қызының сырға салу рәсімі өтті. Сымбат Абайқызы ұясынан ұзатылып, сүйіктісінің үйіне келін болып түсті. Алайда бұл отбасылық қуанышта жұлдызды әкенің өзі бой көрсетпеді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жұлдызды жанұя мүшелері "Сырға салу" рәсімі қалай өткенін Instagram-дағы парақшасында көрсетті. Олар желіде барынша белсенділік танытып, отбасылық қуанышының әр минутымен бөлісуге тырысты.

Сымбат Абайқызының жақындары құдалықта сөз сөйлеп, екі жасқа ақ тілегін жолдады. Әншінің келіншегі мен балалары көзіне жас алып, қалыңдықты қимай жаңа үйіне шығарып салды.

Алайда бұл күні видеоларда жұлдызды әкенің өзі бой көрсетпеді. Қалың көпшілік Абай Бегейдің қызының сырға салуына қатыспағанын жарыса жазды.

Оған қоса кейіннен дәл сол күні әншінің Алматыда белгілі блогер Aeka Posh-тың құдалығында өнер көрсетіп жатқан видеосы тарады.

Өнер иесі қызының қуанышына не себепті қатыспағанын әзірге түсіндірген жоқ. Кейбір оқырмандар батыс өңірде әкесі қызының ұзатуына қатыспайтынын жазды.

"Әр түрлі әңгімелер болып жатқанын байқап отырмын. Тілектеріңізге, көңілдеріңізге рахмет!Келесі жазбада қалай болғанын, не болып жатқанын толық салатын боламын", - деген жазба қалдырды әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2150530-basqa-qudalyqta-zhur-qyzynyng-syrga-saluyna-qatyspady-degen-abai-begei-qyzu-talqyga-qaldy/