Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Түк өзгермеген": 25 жыл бұрынғы видеосын жариялаған Мақпал Жүнісова елді тәнті етті

Жарияланған күні:

Мақпал Жүнісова Қыдырәлі мен Қарақаттың тойында
Мақпал Жүнісова Қыдырәлі мен Қарақаттың тойында. Видеодан кадр: instagram.com/ zhunusova.makpal

Отандық эстрада жұлдызы Мақпал Жүнісова әлеуметтік желідегі парақшасында 25 жыл бұрынғы видеосын жариялады. Мұрағаттағы кадрлар көпшіліктің көңілінен шықты. Желі оқырмандары халық әртісінің жас кезіне тамсағанын жарыса жазып жатыр.

"25 жыл бұрын Қыдырәлі мен Қарақаттың тойынан видео түсті", - деп жазды халық әртісі Instagram желісіндегі парақшасында.

Мұны көрген көпшілік әншінің жас кезін еске алып, ақ тілегін жаудырды.

"Мақпал содан бері түк өзгермеген екен ғой", "Сол қалпысыз", "Мақпал әдемілігін жоалтпай қартайға себебі, көңілі таза, арамдығы жоқ, әрқашан елге жақсылық тілеп жүреді", "Басыңыздан орамал тастамаған екенсіз ғой, керемет жан", "Әлі де әп-әдемі", "Мақпал атам қазақтың Мадоннасы ма дерсің, әлі де сұп-сұлу", "Сүйегі асыл адамдар өзгермейді деуші еді, сол рас екен", -деді желі оқырмандары,

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2150535-tuk-ozgermegen-25-zhyl-buryngy-videosyn-zhariialagan-maqpal-zhunisova-eldi-tamsandyrdy/