Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мен "иә" дедім": Ғабит Бибасыұлының бұрынғы әйелі жақсы жаңалығын жария етті (видео)

Жарияланған күні:

Нұрила Ақберген
Нұрила Ақберген. Видеодан кадр: Instagram/nurillaakbergen

"Меломен" тобының әншісі Ғабит Бибасыұлының бұрынғы әйелі Нұрила Ақберген желіде жақсы жаңалығын жария етті. Блогер гүл шоқтары мен сақинасымен түскен суретін жариялап, "иә" дегенін хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Нұрила Ақберген алдымен Instagram-дағы парақшасында жазба қалдырып, ойландырып қойды. Фотода ол көпшілікке гүл шоқтары мен сақинасын көрсеткен.

"Бақытты болып тұрмын, толығырақ ертең бөлісемін", - деп жазды блогер.

Көпшілік Ғабит Бибасыұлының бұрынғы әйелінің жеке өмірінде өзгеріс болып жатқанын болжады. Алайда Нұрила Ақберген оқырмандарын алдап, мүлдем басқа қуанышты жаңалығын жария етті.

"Мен "иә" дедім. Өзімнің кішкентай арманыма "иә" дедім", - деп жаңа көлік алғанын хабарлады желі жұлдызы.

Нұрила Ақберген автосалоннан Changan көлігін сатып алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2150571-men-ia-dedim-gabit-bibasyulynyng-buryngy-aieli-zhaqsy-zhangalygyn-zhariia-etti-video/