Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"20 адамға 1 үйрек": Үрімшіде жүрген Нұрлан Еспанов жұрттың ішек-сілесін қатырды (видео)

Жарияланған күні:

Нұрлан Еспанов әнші
Нұрлан Еспанов. Фото: "Ұйқым келмейді" бағдарламасы

Отандық эстрада жұлдызы Нұрлан Еспанов Үрімші қаласынан естелік видео жариялады. Әдеттегідей әріптестерімен әзілдескен ол жұрттың да ішек-сілесін қатырған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Нұрлан Еспанов қалжыңға толы видеоны Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.

"Қымбатты достар, мінеки, біз Үрімшідеміз. Бұлар үйректі осылай дайындайды. Міне, жігіттер, соңғы үйрек қалыпты. 20 адамға бір үйрек. Қарны ашқаны соншалық, Нұрсұлтанның түрі үйрекке ұқсап қалды, көрдіңіздер ғой. Қарасаңыздаршы, не деген құрмет. Міне, қойдың басы сияқты кеседі. Ауызға дәм, асқазанға сәлем", - дейді ол видеода.

Мұны көрген көпшілік Нұрлан Еспановтың әзіліне тәнті болды. Олар жан-жағына жақсы көңіл күй сыйлап жүретін әншіге түрлі пікір жазып қалдырды.

"Осылай әзілдеп жүре беріңіз", "Ата-бабамыз 1 қой жейтін еді", "Нұрлан балам, ақ жүрексің ғой, аман бол", "Үйректен басқа үстелде дым жоқ қой", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2150586-20-adamga-1-uirek-urimshide-zhurgen-nurlan-espanov-zhurttyng-ishek-silesin-qatyrdy-video/