Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Гүлзира Айдарбекова Париждегі демалысы қалай өтіп жатқанын көрсетті (видео)

Жарияланған күні:

Гүлзира Айдарбекова
Гүлзира Айдарбекова. Фото: Instagram/gulziraaidarbekova

Бүгінде Еуропада демалып жүрген Гүлзира Айдарбекова Италия мен Швейцариядан кейін Францияға ат басын бұрған. Белгілі продюсер махаббат қаласы атанып кеткен Парижден видео жариялап, оқырмандарына ақ тілегін жолдады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Гүлзира Айдарбекова Франциядағы демалысы қалай өтіп жатқанын Instagram-дағы парақшасында көрсетті. Қайрат Нұртастың анасы Париж қаласының әсем жерлерін аралап, көпшілікке алған әсерін айтты.

Танымал продюсер әйгілі Эйфель мұнарасының қасына барып, естелікке видео түсірген. Оған қоса Айдарбекова әлемге әйгілі брендтердің дүкеніне барып, өзіне бағалы сыйлық жасаған. Ал кешкі уақытта ол Париждегі танымал мейрамханаларда болған.

"Париж қаласынан естелік болсын! Бармаған оқырмандарым лайктан оттан лүпіл басып қойыңыздар, сіздерге де жұғысты болсын! Үміт артқан ұл-қыздарыңыз бақытқа жеткізсін! Жақсы сөз жарым ырыс", - деп жазды Қайрат Нұртастың анасы.

Айта кетейік, бұған дейін Гүлзира Айдарбекованың Швейцариядағы демалысы қалай өткенін жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2150904-gulzira-aidarbekova-parizhdegi-demalysy-qalai-otip-zhatqanyn-korsetti-video/