Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Есте сақтау қабілеті бізден мықты": Заттыбек Көпбосынұлы әкесінің видеосын жариялады

Жарияланған күні:

Заттыбек Көпбосынұлы
Заттыбек Көпбосынұлы. Фото: Instagram/zattybek

Отандық танымал әнші Заттыбек Көпбосынұлы желіде әкесінің видеосын жариялап, елді таңғалдырды. Өнер иесі асқар тауы әкесінің ерекше қасиеттерін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Заттыбек Көпбосынұлы әкесінің ерекше видеосын Instagram-дағы парақшасында бөлісті. Онда әншінің әкесі ақындардың өлеңдерін айтып отырғанын көруге болады.

Өнер иесі әкесінің есте сақау қабілеті өте жақсы екенін айтты.

"Әкемнің есте сақтау қабілеті бізден жақсы. Бала күніндегі ауыл ақындарының өлеңін жатқа біледі әлі күнге дейін", - деп жазды Заттыбек Көпбосынұлы.

Желі қолданушылары шоу-бизнес жұлдызының әкесіне тәнті болып, оған жылы лебізін білдірді.

"Әкеңіз жүз жасасын", "Қарияларымыз аман болсын", "Əкеңіз 100 жасай берсін! Алла əлі де болса күш-қуат берсін", "Ақсақалға амандық тілеймін", "Біз мектептегі өлеңдерімізді ұмытып қалған адамбыз. Мына кісі бала күнгісін әлі біледі", "Қандай керемет көрініс", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2150941-este-saqtau-qabileti-bizden-myqty-zattybek-kopbosynuly-akesining-videosyn-zhariialady/