Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Батылым бармады": Майра Мұхамедқызы марқұм Ален Делонмен кездескен сәтін еске алды

Жарияланған күні:

Майра Мұхамедқызы
Майра Мұхамедқызы. Фото: instagram.com/ mairaopera

Танымал опера әншісі Майра Мұхамедқызы 88 жасында өмірден өткен француз актері Ален Делонмен кездескен сәтін еске алды. Ол жүрекжарды сөздерін Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

Өнер иесі өткен ғасырда сымбаты мен актерлік шеберлігі арқылы талай қыздың арманына айналған актерге алғыс айтты. Майра Мұхамедқызы жақында ғана бақилық болған Ален Делонды "ақ боз атты ханзадаға" теңеді.

"Қош болыңыз, Ален Делон! Жаныңыз жаннатта шалқысын…Менің ғана емес, бүкіл бір дәуірдің қыз-келіншектерінің жүрегіне ғашық отын тұтатқан "ақ боз ат мінген ханзада".

Махаббат пен сұлулықтың символы болған жанарыңыз, тұздай көк көзіңіз, даусыңыз, жимиған күлкіңіз, талғампаздығыңыз, тәкаппарлығыңыз бен сомдаған рөлдеріңіз (арқылы-ред.ескертпесі) мәңгі адамзат мұрасына өнер деген құдіреттің болмысын мұрағат етіп қалдырып кете бердіңіз…

Рақмет, сіздің өнерге адал әрі әділетті көзқарасыңыз бен пікіріңіз үшін!",- деп жазды ол.

Осы тұста Майра Мұхамедқызы Ален Делонмен жүздескен сәтін еске алды. Опера әншісі Францияда актерге жақындауға батылы жетпегенін де мойындады.

"Францияда жүргенімде алыстан қарап, сізге тамсанып, жаныңызға барып қолыңызды алуға батылым бармады. Өйткені сіз менің бала кезімде ғашық деген ғажап әрі құдіретті сезімді оятқансыз. "Зорро" фильмін мың рет көрсем де, еш жалыққан емеспін. Әдемілікке ғашық болуды үйреткен өзіңіз. Сол үшін рақмет сізге!", - деді өнер иесі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2150971-batylym-barmady-maira-muhamedqyzy-marqum-alen-delonmen-kezdesken-satin-eske-aldy/